Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің әскері Қазақстанда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қалаған мерзімге дейін ғана болады. Әскери міндеттері аяқталған соң өз елдеріне қайтады. Ресей Президенті Владимир Путин Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында осылай деді. Сондай-ақ, Ресей басшысы газ бағасын тұрақтандыруға шыққан талап қоюшылар мен қолына қару алып соғысқандардың айырмашылығы бар екенін, бұл жағдайды Қазақстанға жасалған шабуыл деп атады. Айта кетейік, бірер сағат бұрын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс онлайн сессиясы өтті. Оған ұйымға мүше елдердің басшылары қатысты.