Елордада эпидахуал нашарлай түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада эпидахуал нашарлай түсті

10.01.2022

Елордада «Омикрон» штамы анықталған сәттен бастап эпидахуал нашарлап кетті. Өткен 2 аптада күніне орта есеппен 80 адамда індет анықталса, қазір бұл көрсеткіш 5,5 есе артқан. Бұған тұрғындардың сақтық шараларына бей-жай қарауы, көпшілік орындарға жиі баруы себеп болып отыр. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қазір ел бойынша «қызыл» аймақта тұрған жалғыз қала.

Жанна Пірәлиева, Нұр-Сұлтан қаласы СЭБД басшысының орынбасары:

Өздеріңіз көріп отырғандай, кеше 1442 жағдай тіркелді. Егер желтоқсанда 2700-ге жуық инфекция жұқтыру дерегі тіркелсе, тек соңғы 10 күнде 4622 жағдай анықталып отыр. Яғни ауру саны 1,7 есе артты.


Хабарламаларға жазылу