Президент шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді

10.01.2022

Аса маңызды әрі стратегиялық нысандарға шабуыл жасау фактілерінің жолы кесілді. Президент төрағалығымен өткен шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысында осылай делінді. Елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін қабылдаған белсенді шаралар туралы есеп берілді. Елді мекендердің аумағында қазір 93 блокбекет тұр.

Алматыда «Барлық» және «Алтын Орда» базарларын тазарту барысында 207 адам ұсталды. Олардан ұрланған 5 автокөлік, қару-жарақ, оқ-дәрілер, қалқандар тәркіленді. Ал Елордада алдын алу шаралары жалғасуда. Ел бойынша төтенше жағдай режимін бұзған 1,5 мың адам жауапқа тартылды. Қазіргі уақытта негізгі күш - террористердің мекенжайын анықтап, ұстау жөніндегі шұғыл шараларға бағытталды. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қалпына келтіру ісін жалғастыра беруді, аталған жұмыстар бойынша ақпараттық қолдау көрсетуді күшейтуге тапсырма берді.


Хабарламаларға жазылу