Лаңкестік салдарынан мемлекетке келген шығын 2-3 млрд доллар болуы мүмкін – Қ. Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лаңкестік салдарынан мемлекетке келген шығын 2-3 млрд доллар болуы мүмкін – Қ. Тоқаев

11.01.2022

Лаңкестік оқиғаның салдарынан мемлекетке келген экономикалық шығын 2-3 миллиард доллар болуы мүмкін. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің төрағасы Шарль Мишельмен кездесуде айтты.

Ол қайғылы оқиғаны агрессиялық акт деп бағалап, заңсыз әрекеттен 1300 кәсіпкерлік нысанға залал келіп, 100-ден астам сауда орны мен банктер тоналғанын, 500-ге жуық көлік өртелгенін атап өтті. Шабуыл жасағандардың көбі Орталық Азия елдерінен екенін, оның ішінде Ауғанстаннан келген содырлар бар екенін жеткізді. Ал, ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан келген бітімгерлер әскери операцияларға қатыспайтынын, олардың міндеті стратегиялық нысандарды қорғау екенін хабарлады. Өз сөзінде Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишель біздегі жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.


Хабарламаларға жазылу