Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгерлері еліміздегі стратегиялық нысандарды күзетуді жалғастырып жатыр. Қазіргі таңда Қырғызстан Республикасының арнайы жасағы Алматыдағы Екінші Жылу электр орталығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Айта кетейік, ұйым бітімгерлері Қазақстанға шектеулі уақытпен келді. Контр-террористік операция толық аяқталғаннан кейін жасақ өз елдеріне қайта оралады.