8 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында 675 күдікті ұсталды. ҰҚК, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшесі олардан бірқатар затты тәркіледі. Автокөлік пен үй-жайын тінту кезінде полицейлерден тартып алған қару-жарақты, оқ-дәрілер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған құжаттарын тапқан. Сонымен бірге жарық-дыбыстық гранаталар, шлемдер, қалқандар тәркіленді. Тоналған тұрмыстық техника, мобильді құрылғы, киім де табылған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті құқықтық тәртіпті сақтап, оны қалпына келтіру үшін ел азаматтарын көмек көрсетуге шақырды.