Қазақстанда ұсталған қырғыз азаматы үйіне оралды - Ішкі істер министрлігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ұсталған қырғыз азаматы үйіне оралды - Ішкі істер министрлігі

11.01.2022

Қазақстанда ұсталған қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов 10 қаңтарда босатылып, Бішкекке келді. Бұл туралы жергілікті Ішкі істер министрлігі мәлімет таратты. Викрам Рузахунов «Қазақстандағы митингіге қатысқаны үшін ақша алды» деген күдікке ілінген еді. Алайда бұл айып қазір еш дәлел жоқ болғандықтан алынып тасталды.

Кеше Қазақ-Қырғыз шекарасының өткізу пунктінде журналистер мен полиция қызметкерлері қарасы көп болды. Олардың бәрі Викрам Розахуновты күтіп алуға барды.

Ақпарат құралдарымен кездесуде ол болған оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді. Айтуынша, митингтер басталғанда ол Алматыда жалдамалы пәтерде болған. Төтенше жағдай жарияланғандықтан үш күн үйден шықпадым. «Тек интернет бұғатталып, азық-түлік таусылғандықтан 7-ші қаңтар күні Бішкекке бет алдым. Алайда Самсы ауылы маңында әскерилер ұстап әкетті»,-дейді ол.

Камерада ешкімге қысым көрсетілген жоқ. Соққы жасап, ұсталғандарды ұрды деген ақпар да шындыққа жанаспайды, дейді ол. Викрам бетінің қалай көгергенін де айтып берді.


Хабарламаларға жазылу