Президент Мәжіліс отырысында Үкіметке кедейлікпен күрестің кешенді жоспары мен бағдарламасын әзірлеу керектігін де айтты. Азаматтардың тұрмыс-тірлігі басты назарда болуы керек.
Сондықтан Мемлекет басшысы Үкіметке 2 айдың ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу керек деді. Жұмыс нақты әрі әр азаматқа бағытталып орындалуы тиіс деді Президент.