Алматы облысында қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек көрсетіледі

11.01.2022

Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде ерлікпен қаза тапқан полицейлердің отбасына 5 млн теңгеден көмек көрсетіледі. Бұл туралы өңір басшысы Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Сондай-ақ жергілікті билік олардың балаларының оқу ақысына жәрдемдесіп, басқа да әлеуметтік көмек береді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде лаңкестермен күрес кезінде бірнеше тәртіп сақшысы оққа ұшты. Олардың қатарында тергеу изоляторының қызметкері Ербол Ержанов пен арнайы жасақ инспекторы Дархан Барғанаев бар.


Хабарламаларға жазылу