Астанада алғаш рет классикалық бидің төресі – «Қызғалдақ балы» өтті. 48 жұптың өнерін паш еткен бұл керемет шара Вена балының негізінде қойылып отыр. Биге қатысушы қыз-жігіттер өз саласының кіл жүйріктері екен.
Бірі елге танымал жас кәсіпкер болса, енді бірі беделді журналист. Би кешін ұйымдастырушылар іс-шараның әуелгі мұраты – қайырымдылық, дейді.
Дария Қансейітова, «Қызғалдақ балының» ұйымдастырушысы:
Жалпы, бұл іс-шараның мақсаты – қайырымдылық, қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал ету, Қазақстан жастарының мәдени білімін жоғарылату, классикалық биге үйрету.
Нұрбек БЕКБАУ