Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен жүзден аса бүлікші ұсталды. Бұзақылар күштік құрылымдардың «Антитерор» операциясы кезінде құрықталды.
Олардан айғақ зат ретінде қару мен оқ-дәрілер және анаша табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда бүлікшілер қамауға алынып, полициямен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жалпы қаладағы қақтығысқа қатысы бар 391 күдікті ұсталып, соның 62-не қылмыстық іс қозғалды.
Әділбек Серікұлы