«Қазақстан Президентінің қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жоюға басымдық беруі-көрегенділік». Италиядағы ғаламдық сараптамалар халықаралық институтының Президенті Тиберио Грациани осылай дейді. Институт басшысы елдегі ахуалды жіті бақылап, сауатты сараптама жасаған. Сарапшы «Президент Тоқаев-ұтымды шешім қабылдау арқылы қазақ мемлекетінің ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдерінің тұтастығын сақтап қалды»-деген пікірде.
Тиберио Грациани, «Vision&global trends»ғаламдық сараптамалар халықаралық институтының президенті:
Қазақстан Президенті тәртіпсіздіктің күшейіп бара жатқанын сезген соң шұғыл шара қабылдауға мәжбүр болды. Оның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының көмегіне жүгінуі де орынды. Себебі, Қазақстандағы тұрақсыздық бүкіл Еуразия құрлығын геосаяси дағдарысқа ұшырататын еді. Және бұл дағдарыс Орталық Азияның басқа мемлекеттеріне де таралып, аймақтық ғана емес, жаһандық балансқа орасан зор қауіп-қатер төндіретін еді. Қазір ахуал тұрақталғанда, зорлық-зомбылыққа ұласқан шерулердің түп-төркінін анықтап, әлеуметтік бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін диалогты бастау маңызды.