Талдықорғанда арнайы комиссия шығындарды есептеуге кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда арнайы комиссия шығындарды есептеуге кірісті

12.01.2022

Талдықорған қалыпты тіршілігіне оралып келеді. Облыс орталығында дүкендер жұмысын жандандырып, қоғамдық көлік жүре бастады. Өңір басшысының тапсырмасымен арнайы құрылған комиссия шығындарды есептеуге кірісті.

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

Талдықорғанда жағдай тұрақталып келеді деуге әбден болады. Дүкендер мен дәріханалар, ірі супермаркеттер жұмысын жандандырды. Қалада жанар-жағар май бекеттері де іске қосылды. Бірақ әзірше бензин әр көлікке белгілі бір мөлшермен тең құйылып жатыр. Ең бастысы қоғамдық көлік жүре бастады. Қазір арнайы комиссия қираған, тоналған дүниелердің шығынын есептеуге кірісті. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының соңғы мәліметінше дүрбелең кезінде «Қарағаш» сауда үйі, «Смолл» супермаркеті, мен «Сулпак» электронды техника дүкендері қатты бүлінген. Қала ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 20 блокбекет қойылып, 35 патрульдік топ көшелерді шолып жүр. Сондай-ақ бүгіннен бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп жатыр. Ал алдағы демалыс күндері қаладағы коммуналдық базарда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу