Алматыдағы бүлік кезінде ерлікпен қаза тапқан ҰҚК академиясының курсанты ақтаулық Мейірхан Бітімге берілген III дәрежелі «Айбын» ордені оның отбасына табысталды.
Бұл - марқұм 19 жастағы Мейірханның жазып кеткен сөзі. Жас та болса Отанына деген сүйіспеншілігі жалындаған курсанттың қойын дәптері осындай патриоттық өлеңге толы дейді әкесі.
Алматыда ҰҚК академиясының 2-курс курсанты Мейірхан Бітім 6 қаңдарда террорлық шабуыл кезінде көз жұмды. Бүгін облыс әкімі мен әскерилер Президент Жарлығымен берілген мемлекеттік награданы марқұмның атасына табыстады. Патриот ұл тәрбиелегені үшін алғыс айтылды.
Ержан Кезбаев, М.Бітімнің әкесі:
Мен білмеймін, соғыста болған да жоқпын, көрген де жоқпын. Бірақ менің балам осындай жасында көріп, өмірін қиды ғой, шынын айтқанда. Жүрегім жарылып кете жаздағанда тек мына баламның батырлығы, адалдығы, жазған сөздерін көріп отырмыз. Көп-көп рахмет айтамын бүкіл халқыма, қазақ еліме, қайғыға ортақтасын жатқан адамдардың бәріне.