Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың қатары артып барады. Үш күн бұрын небәрі 9 адамның індет жұқтырғаны анықталса, соңғы тәулікте 31 жағдай тіркелген. Эпидемиологиялық жағдай әсіресе облыс орталығында мәз емес. Вирус жұқтырғандардың дені қала тұрғындары. Індеттің алдын алу үшін мамандар коронавирусқа қарсы екпе алудың қажеттігін ескертеді.