ТҮРКСОЙ ұйымы Қазақстанға қолдау білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТҮРКСОЙ ұйымы Қазақстанға қолдау білдірді

13.01.2022

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы Қазақстандағы аза тұту күніне байланысты бүгінгі жұмыс күнін бір минут үнсіздікпен бастады. Сондай-ақ ұйымның Анкара қаласындағы штаб-пәтері алдындағы Қазақстанның мемлекеттік туы төмен түсірілді. ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Қазақстандағы жағдай тез арада қалпына келіп, бейбіт өмір жалғасатынына сенім білдірді. Бұған дейін ТҮРКСОЙ ұйымы елдегі оқиғаларға қатысты арнайы мәлімдеме жариялап, қиын сәтте Қазақстан халқымен бірге екендіктерін және бұл ауыр жағдайдың аз уақытта оңалатынына сенім білдірген болатын.

Биләл Чакыжы, ТҮРКСОЙ ұйымы төрағасының орынбасары:
Қазақстан бұл қиындықты да еңсереді деп сенемін. Осындай ауыр кезеңде қазақстандық бауырларымыздың жанындамыз. Қазақстанның бірлігі мен берекесі мәңгі болсын. Қаза тапқандарға Алладан рақым, жараланғандарға шипа тілейміз. Жағдайдың тез оңалуына шын жүректен тілектеспіз.

Эльчин Гафарлы, ТҮРКСОЙ-дағы Әзербайжан Республикасының өкілі:
Біздің тілегіміз бауырлас Қазақстанда бейбіт күн орнап, адамдардың күнделікті қалыпты өміріне тез арада оралуы. Қазақстанмен түрік дүниесінің бір мүшесі ретінде, саяси-мәдени байланыстарымыз қайта жалғасуын тілейміз. Қазақ елі жақын күндері бұрынғы қалыпты өмірімен қайта қауышады деп сенемін.

Хабарламаларға жазылу