Балтық мемлекеттері өз жерлерінде НАТО әскерлерін көбейту жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Мұны Эстония премьер-министрі Кая Каллас «Рейтер» агенттігіне берген сұқбатында мәлімдеді.
Эстония, Латвия, Литва 2004 жылы Солтүстікатлантикалық альянсқа мүше болып кірді. Содан бері олар Ресейден қорғану үшін өз аумағындағы НАТО контингентерінің санын арттыруға күш салып келеді. Алайда, Мәскеу Балтық елдеріне қауіп төндіргенін үнемі жоққа шығарып келеді.
Айта кетсек, қазір Балтық жағалауындағы үш республикадағы натолық сарбаздар мен офицерлердің саны мыңнан әрең асады.