Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкені қалай тоналғаны жайында видео жарияланды. Бақылау камерасына түсіп қалған мына көріністе ондаған адам Амангелді көшесіндегі «Анна» қару-жарақ дүкенін бұзуға кіріскен. Ішке оп-оңай енген бұзақылар бірнеше сағаттың ішінде дүкеннің ішіндегі бар дүниені көтеріп әкеткен.
Қазір тонауға кімдердің қатысы бары анықталып жатыр. Айта кетейік, оқыс оқиға кезінде Алматыда 7 бірдей қару-жарақ дүкені тоналған болатын.