Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі жазбасында халыққа ризашылығын білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі жазбасында халыққа ризашылығын білдірді

13.01.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде: «Мемлекетіміздің тұтастығын, бейбітшілік пен келісімді бірлесіп сақтай алдық. Азаматтарымыз экстремистермен күресте патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетті. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл – шынайы жаңарудың кезеңі. Табысты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз!». Ал, кейінгі жазбасында: «Жалпыхалықтық «Қазақстан Халқына» қоры азаматтардың нақты проблемаларын шешуге қызмет етеді. Қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмектесіп, әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады. Алматыны қалпына келтіруге қаржы бөлінеді.»,-деді.

Хабарламаларға жазылу