Нұр-Сұлтан қаласы бойынша короновирус жұқтырғандар арасында жүкті әйелдер мен бала саны басым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша короновирус жұқтырғандар арасында жүкті әйелдер мен бала саны басым

13.01.2022

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны күрт артты. Тек соңғы тәулікте қауіпті індет 9122 адамнан анықталды. Олардың ішінде 5 мыңнан астамы Елордада тұрады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша короновирус жұқтырғандар арасында жүкті әйелдер мен бала саны басым. Бүгінде 338 болашақ ана ем алып жатыр. Сондай-ақ, ковид 126 баладан анықталған.

Дәрігерлердің айтуынша, ауру санитарлық талаптардың дұрыс сақталмауынан көбейіп кетті. Қазір бес өңір қызыл аймаққа енген. Олар Елорда, Алматы, Шымкент және Атырау, Маңғыстау облысы. Бұл өңірлерде кейбір шектеу шаралары күшейтілді. Сондай-ақ, 15-ші қаңтардан бастап Қазақстанға басқа елден келетін жолаушылардан ПТР тест талап етіледі. Аурудан тазамын деген анықтаманы вакцина алған азаматтар да көрсетуі тиіс.   

Хабарламаларға жазылу