Елімізде бір тәулікте 10 мың адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бір тәулікте 10 мың адам коронавирус жұқтырды

14.01.2022

Бір тәулікте 10 мың адам коронавирус жұқтырды. Оның тең жартысы Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Індет өзге өңірлерде де үдей түсті. Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары «қызыл» аймақ тізіміне қосылды.

  Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты бас мемлекеттік санитарлық дәрігер жаңа қаулы бекітті. Онда ревакцинация жасағысы келетін медицина қызметкерлі мен 60 жастан асқан қарт адамдарға «Pfizer» екпесін алуға рұқсат етіледі делінген.

Сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың жұмыс режиім өзгереді. «Қызыл» аймақта орналасқан өңірлер түнгі 00:00-ге дейін, «сары» аймақ түнгі 01:00-ге дейін, «жасыл» аймақта түнгі 03:00 дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Егер қызметкерлер мен тұтынушылардың статусы «жасыл» болса, нысандар жұмысын жалғастырады. Елдегі барлық қызмет көрсету орталығы, көңіл көтеру орындары, мәдени нысандар, тамақтану желілері, мәдени обьектілер, сауда үйлері, банктер, міндетті түрде «Ashyq» қосымшасы арқылы жұмыс істеуі тиіс.


Хабарламаларға жазылу