Төрткүл дүниені елең еткізген Қазақстандағы оқиғаларға жаһан сарапшылары өз бағаларын беріп жатыр. Бельгиядағы Диломатиялық әлем институтының сарапшысы: «белгісіз топтар тәртіпсіздік, хаос жасау арқылы егемен елді күйретуді көздеді», - дейді.
Альберто Тюркстраның пайымынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл қабылдаған шаралары елдегі дағдарысты тез еңсеруге септігін тигізді. Мемлекет басшысы қабылдаған әлеуметтік-экономикалық реформалар жаһанға Қазақстанды жаңа қырынан танытары сөзсіз дейді сарапшы.
Альберто Тюркстра, Дипломатиялық әлем институтының сарапшысы:
Көпвекторлы сыртқы саясатты ұстанатын Қазақстанда тұрақтылықтың орнауы Еуропалық одақ, Қытай және басқа да елдер үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен әлеуметтік теңсіздікті, бюрократияны жоюға бағытталған, табиғи байлықтардан түскен кірісті халықтың игілігіне жарату және басқа да саяси-экономикалық реформалар қазақ қоғамының біртұтастығын, бірлігін сақтауға сеп боларына сенемін.