Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 337 адам медициналық көмекке жүгінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 337 адам медициналық көмекке жүгінді

14.01.2022

Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 337 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде 133-і - әскери қызметкерлер. Қазір жарақат алған 109 адам ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, көшелерде болған тәртіпсіздікке қарамастан, дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлері штаттық режимде жұмыс істеді. Лаңкестер мен бұзақылардан облыстық жедел жәрдем станциясының бір қызметкері зардап шекті.

Жедел жәрдем көлігіне атылған оқтың салдарынан сынған әйнек жүргізушіні жарақаттаған. Қазір көлік жүргізушісінің жағдайы тұрақты. Амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Митингке қатысқандар 5 жедел жәрдем көлігіне зақым келтірген. Жалпы облыста жаппай тәртіпсіздік кезінде 206 жедел жәрдем көлігі медициналық қызмет көрсетті.

Хабарламаларға жазылу