Көкшетауда тұрғын үй кооперативінің жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қалалық полиция басқармасына алдымен бір тұрғын алданып қалғанын айтып, арыз түсірген. Оның айтуынша, тұрғын үй кооперативінің жетекшісі баспана алып беремін деп 2019 жылы 3 миллион 600 мың теңге ақша алған. Уақыт өте келе барлығы 30-дан астам адам шағымданған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.