Қостанай облысында эпидахуал нашарлап, індеттің таралуына тосқауыл қою үшін шектеулер қайта күшейді. Мысалы, 10 қаңтарда COVID-19 небәрі үш адамнан анықталса, соңғы тәулікте бұл көрсеткіш 97 адамға жеткен. Осыған байланысты көпшілік жиналатын барлық іс-шараны өткізуге тыйым салынды.
Сонымен қатар вакцина алған-алмағандығына қарамастан, мемлекеттік қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшті.
Мектеп оқушыларына да сабақ 31 қаңтарға дейін қашықтан өткізіледі. Жоғары және орта кәсіби білім беретін оқу орындары студенттерінің демалыс уақыты 6 ақпанға дейін созылды. Облыс індеттің таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді.