Сарапшылар газ бағасының артуын сұраныстың өсуімен байланыстырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар газ бағасының артуын сұраныстың өсуімен байланыстырады

14.01.2022

Үкімет сұйытылған газ бен жанар-жағармай бағасын реттеуге Президент пәрмен берген соң бірден кірісіп кетті. Қазір газ бағасын тұрақтандыруға қатысты екі бұйрық шыққан. Энергетика министрінің айтуынша, сұйытылған газ бағасы 50 мен 75 теңге аралығында бекіді. Бұл мораторий 180 күн, яғни жарты жыл күшінде болады. Сонымен қатар сұйытылған газды электронды алаңда сату бір жылға шегерілді. Ал жанар-жағармай бағасын реттеуде, оның акциздік мөлшерлемелері қайта қаралады. Бензин мен дизель бағаларын мемлекеттік реттеуді белгілеу, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды бекіту бойынша тиісті бұйрықтар қабылданып жатыр. Сарапшылар газ бағасының артуын сұраныстың өсуімен байланыстырады. Бағаны тұрақтандыру бойынша сала мамандары өз ұсыныстарын да айтты.

Рашид Жақсылықов, Қазақстан мұнай-газ саласына қызмет көрсету компаниялар одағының төралқа төрағасы:
2 жылдың ішінде орталық, шығыс, орталық Қазақстанда газ өңдейтін ірі зауыт салмаса біз бұл мәселеге қайта келеміз. Жанар-жағармайдың бағасын тұрақтандыру үшін ең бірінші өндіретін зауыттар шикі мұнай өндірушілерден өздері алу керек. Сосын Қазақстан бойынша әр облысқа 2-3 трейдер жетеді. Қырғын трейдер керек емес. Монополия болып кеткен.


Хабарламаларға жазылу