Төтенше жағдай туралы әлеуметтік желіде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай туралы әлеуметтік желіде

16.01.2022

Ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кездейсоқтық кесірінен қаза болған азаматтар, оқиғаға орай ұсталып, тергеу кезінде азапталғандар жөнінде де өте көп жазып жатыр.

Белгілі журналист Анар Төлеухан фейсбукте былай жазды: ...Алматының көшесіне сыймай митингіге шыққан халықтың жаңазөндіктерден айырмасы жоқ, еститін Үкіметке ойымызды айтайық деген пейілмен жиналғандары анық. Алайда арты ылаңға, орны толмас жоғалтуларға ұласты. Кінәлілер жазасын алсын, ал алайда кінәсіз көз жұмғандар ше? Егер билікке елдің ертеңі үшін тіреу болар елдің сенімі керек болса ақиқат айтылуы тиіс. Ол үшін жер-жерде арнайы қоғамдық топтар құрылып, тергеуге түскендер мен оққа ұшқандар бойынша барлық істі анықтау, бағасын беру, ағын ақ, қарасын қара деуі керек. Сонда халықтың кеудесіне сенім ұялайды. Көп соншалықты ақымақ емес, биліктің ішінен сатқындар шыққандықтан амалсыздан барған шараларды да ұғып отыр. Сондықтан да ел болашағы үшін көз жұмғандарды шейіттер қатарына жатқызып, ертеңгі елдің жарқын күндері үшін тау қопаруға бар. Тек айыпты еместер айыпты қатарына жатқызылмауы тиіс!

Бұл кімнің қолынан опат болғаны белгісіздер мен табылмай жатқан азаматтарға мысалы, Алматыда із-түзсіз жоғалған 22 адамның жетеуі әлі табылмаған, және ешқандай терроршы емес, ешқандай арандатушы емес, тек шиқандай сыздатқан дүниелерді айтуға шыққан, азаматтық позициясы бар адамдарды жаппай қамауға байланысты ақпараттарға орай келтірген цитата.

Алматыда көлік ішінде келе жатқанда бөпесін емізіп отырған Жанар есімді келіншекке оқ тиіп, сол жерде жан тәсілім еткені, төрт баламен қалған отағасы Сұлтанның жәрдемақы ала алмай жүгіріп жүргені туралы жүрегің қан жылайтын оқиға – оқиға көп. Айтпақшы сөз қылып отырған отбасы времянкада тұратын көрінеді.


Хабарламаларға жазылу