Алматы облысында бүгіннен бастап карантиндік шаралар күшейді. Өңірде ковид жұқтырғандар саны көбейіп барады. Өткен тәулікте коронавирус диагнозы 410 адамнан анықталып отыр.
Облыстың бас санитариялық дәрігерінің қаулысы бойынша оқушы саны 600-ден асатын мектептер онлайн форматқа көшірілді. Бұл шамамен 320 мың оқушы. 477 мектеп қана дәстүрлі форматта жұмыс істейді.
Мейрамханалар 50 пайыз, кинотеатрлар 30 пайыздық жүктемемен қызмет көрсететін болды. Сондай-ақ облыста діни рәсімдерге шектеу қойылды.
Қуаныш Қанатұлы