Қарағанды облысында аусыл ошағы жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында аусыл ошағы жойылды

17.01.2022

Мал иесіне нарықтық бағамен өтемақы төленеді. Еске салсақ, осыдан бірер күн бұрын Шет ауданының Киікті ауылындағы қыстаудың бірінде екі бас малдан аусыл індеті анықталды. Енді бір қорада тұрған барлық мал өртеледі. Шаруа қожалығында карантин жарияланған. Соған орай төрт түлікті, мал өнімін қыстаудан шығаруға тыйым салынған.

Қазір індет ошағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аусыл ірі қара ішінде аса қауіпті індет саналады. Ет, сүт арқылы адамға тез жұғады.

Данияр Мерғазин, Ветеринарлық бақылау комитеті облыстық инспекция басшысының міндетін атқарушы:

Республикалық қордан ветеринарлық препараттар бөлініп, дизенфекциялық жұмыстар атқарылуда. Талдыбұлақ қыстағында блокпост қойылып, тәулік бойы кезекшілік, жергілікті полиция мен ветеринарлық қызмет тарапынан ұйымдастырылды. Бүгінгі күні аудандағы эпизодиялық ахуал қатаң бақылауда.


Хабарламаларға жазылу