Жамбыл облысында қару-жарақ жасырылған орын табылды. Мемлекеттік шекарадан 2 шақырым жерде орналасқан аумақтан 4 тапанша мен 6 басқа да қару түрлері алынды. Аталған факт бойынша тергеу амалдары басталды. Сонымен қатар «Қордай» өткізу пунктінде қырғызстандық азамат ұсталды.
Тексеру кезінде көлігінен 50 литрлік мөр, 4 шетелдік паспорт пен 20 банк картасы тәркіленді.