Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде «Француз үйі» 5 млрд теңге шығынға батқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде «Француз үйі» 5 млрд теңге шығынға батқан

17.01.2022

Алматыда шығынға батқан кәсіпкерлер қатары күн сайын артып келеді. Тіпті, бұзақылар ең қымбат тауарлар сатылатын Француз үйінің 3 бірдей дүкенін тонап кеткен. Кәсіпкерлік нысан қанша шығынға батты? Тілшіміз Сағыныш Ертайдан білейік.

Қымбат иіс сулар, әшекей бұйымдар мен танымал брендтің киім-кешектері. 1 данасы 30 миллион теңге тұратын тонның талайы қолды болған. Қарақшылар 5 қаңтардан 6-сына қараған түні Алматыдағы Француз үйінің үш бөлімін де талқандап кеткен. Ұрланған заттардың жалпы шығыны 5 миллирд теңгеден асады.
Әшірбаева Әсел, Француз үйінің қызметкері: 
Көрген пакеттеріне салып алып кеткен. Шкафтарымен бірге алып кеткен, бәрін ұрлап кеткен. 3 филиал, 2 дүкен аэропорттағы соның бәрі зардап шекті.
Қарақшылардың қолында 5 құты жанармай да болыпты. Дүкенді өртеуге тырысқанмен, күзетшілердің арқасында олардың ойы жүзеге аспаған. Компания қызметкерлері нысанды 2 тәулікте қайта қалпына келтіріп, орталық Франуз үйі 13 қаңтардан бастап жұмысын бастады.
Сағыныш Ертай, тілші: 
Ең көп зардап шеккен аймақтың бірі – Райымбек көшесіндеміз. Тәртіп бұзушылар жол бойындағы барлық нысандарды қиратып өткен. Солардың бірі мына бір ломбард. Көріп тұрғандарыңыздай, шынысын сындырағн. Қазір ол қайта жұмысқа кірісті. Ал жол бойында тәртіп бұзушылар көлік шиналарынан блокпост жасап, басқа көліктерді өткізбеу мақсатында оларды өртеген.
Бұзақылар өздерінің ізін жасыру үшін көрінген бейнебақылаудың бәрін жоюға тырысқан.

Райымбек тас жолын жауып тастаған базбұзарлар бұл көшемен жүрген такси жүргізушілеріне де тиіскен. Ерлан Мантеров олардың жай тұрған көліктерді өртеп жатқанын да көрген.

Бүлікшілер бейне бақылау қамераларан құртса да, кейбір жазбалары сақталған. Оларды тергеу органдары мұқият тексеріп жатыр.

Сағыныш Ертай

Хабарламаларға жазылу