Шымкент қаласында шектеу күшейтіліп, мектептерде сабақ онлайн форматқа көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында шектеу күшейтіліп, мектептерде сабақ онлайн форматқа көшті

17.01.2022

Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өткен жылдың тап осы мерзімімен салыстырғанда 5,5 есеге артқан. Сондықтан мегаполисте карантиндік шектеу шаралары тағы да күшейтілді. Бүгіннен бастап білім барлық мектептер онлайн режимге өтіп, балалар қашықтан оқуға көшті. Сондай-ақ бас санитардың жаңа қаулысына сәйкес салтантты іс-шаралар мен түрлі конференция және де спорттық шараларды өткізуге, мешіттерде жиналып намаз оқуға тыйым салынды. Театр, цирк, концерт залдары, филармония және кароэке клубтары жұмысын тоқтатты. Ал ұлттық компаниялар мен әкімдік мекеме қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеуге жіберілді.
Алдарқұл Ахметов, Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 
 Қоғамдық көліктерде міндетті түрде бетперделік режим сақталуы керек. Отыратын орыннан аспауы тиіс. Және час пикте жолаушылар көп кезде айналымдағы қоғамдық көліктер саны көбейтілуі тиіс.
Дәл осындай шектеулер Шығыс Қазақстан облысында да енгізіліп жатыр. Өйткені өңір бүгіннен бастап «қызыл аймақ» қатарында. Спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнесс, моншалар мен бассейндерге «Ashyq» қосымшасы арқылы жасыл санаттағылар ғана барады. Өңірдегі мектептерде вакциналаудан өткен 9-11 сынып оқушыларынан өзгелері қашықтан оқуға көшірілді. Жоғарғы оқу орындары мен колледждерде де дәріс онлайн форматта.

Маңғыстау облысында мұнайшылардың арасында індет етек жайып барады. Мамандардың айтуынша, соңғы 2 аптада науқастар саны күрт артып, 154 мұнайшыдан ковид анықталған. Жалпы соңғы тәулікте 172 адамнан вирус анықталды. Оның көбі- Ақтау қаласының тұрғындары.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу