Әуезов аудандық Полиция басқармасы 41 жастағы тұрғынның қаладағы ірі құрылыс супермаркетін тонауға қатысқанын анықтаған. Күдікті жауап алу кезінде бұл қылмысын мойындады. Оның жеке көлігін тінту кезінде ұрланған құрылыс материалдары мен құралдар табылған. Күдікті қамауға алынды.
Арнайы операция басталғаннан бері 2 748 күдікті ұсталды
Алматы комендатурасының хабарлауынша, террорға қарсы операция басталғаннан бері қалада лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстар жасады деген күдікпен 2 748 адам ұсталған. 131 бірлік атыс қаруы мен 4 179 оқ-дәрі тәркіленді.
Айта кетейік, Алматыда қаңтардың 6-сынан бастап терроризмге қарсы арнайы операция жүріп жатыр.