Алматыда тұрмысы төмен 1000 отбасыға көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тұрмысы төмен 1000 отбасыға көмек көрсетілді

18.01.2022

Орталық мешіттің бастамасымен ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. «Күшіміз бірлікте» деп аталған акция аясында көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түліктер таратылады. Әр қорапта ең қажетті тағам түрлері салынған.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмғандардың отбасына материалдық көмек көрсететінін жеткізді.


Хабарламаларға жазылу