Алматыда тәртіпсіздік кезінде банктер мен микроқаржы ұйымдарына келтірілген шығынның алдын ала сомасы белгілі болды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Кейбір банктер мен ұйымдар полицияның тергеу жүргізуіне байланысты тоналған нысандарға әлі кіре алмаған. Болжам бойынша бұзақылар мен тонаушылар банктерге 4,1 миллиард теңге шығын келтірген. Шығынның көп бөлігі ұрланған және бүлінген банкоматтарға тиесілі. Олардың құны 1,6 миллиард теңгеге бағаланды. Банкоматтардан 507 миллион теңге қолды болған.