Коронавирус ауруының шарықтау шегі әлі алда - Ералы Тоғжанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус ауруының шарықтау шегі әлі алда - Ералы Тоғжанов

18.01.2022

Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов той, отбасылық мереке, негізсіз басқосуларды уақытша тоқтатуға кеңес берді. Өйткені елімізде коронавирус қайта өршіп кетті. Ол брифингте санитарлық нормаларды елемейтін тұрғындардың әрекетін сынға алды. Айтуынша, соңғы уақытта маска тағу, антисептик қолдану, әлеуметтік қашықтықты сақтау талабына салғырт қарайтындар саны артты. Мамандардың пайымдауынша, аурудың шарықтау шегі әлі алда. Індеттің ілмегіне ілінбеу үшін санитарлық талартарды қатаң сақтау қажет. Екпе алып, 6 айдан кейін ревакцинациядан өту керек. Дәл қазір елімізде вакциналардың шамамен 5 млн дозасы бар. 60 жастан асқан адамдарға қосымша Phizer вакцинасы ұсынылады. Дәрігерлер мәліметі бойынша, қайта екпе алу аурудың ауыр түрлерінен, ауруханаға жатқызудан және өлімнен 70%-ға дейін қорғайды.

 Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары: 
Маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және т. б. алдын алу шараларын қолдану қажет. Тойды, жиынды, отбасылық мерекелерді, негізсіз бас қосуды, қыдыруды уақытша тоқтату керек. Ауру адамдар оқшаулану керек. Бұл – бүгінгі күннің, бүгінгі жағдайдың талабы.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу