«ӨКМ Операторы» серіктестігінің утилизациялық алымды әкімшілендіру және қаражаттарды басқару бойынша қызметі тоқтатылды. Енді бұл функцияларды мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» Акционерлік Қоғамы орындайды. Президент тапсырмасына сай ел Үкіметі «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Ал, бұған дейін утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді.