Енді, мемлекеттен қолдау алатын компаниялардың әрекетін мемлекеттік аудит толық тексеурге мүмкіндік алды. 2022 жылғы 13 қаңтарынан бастап «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» мемлекеттік аудит органдарына банк құпиясын ашуға әрі міндетті. Мемлекет басшысы Есеп комитетінің бұл ұстанымын қолдады. Бұл құжат Ұлттық қор мен республикалық бюджет қаражатын қоса алғанда, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығын арттыруға бағытталған. Бұдан былай, қор тобының компаниялары мен олардың контрагенттері мемлекеттік қолдау алған кезде мемлекеттік аудит органдарына банк құпиясын ашуы тиіс. Бұған дейін осындай шешімдерді «Зерде» АҚ және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ холдингтері де қабылдаған болатын.