Ерік Өмірғали: Тәртіпсіздіктен зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерік Өмірғали: Тәртіпсіздіктен зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау қажет

19.01.2022

Кейбір сақтандыру компаниялары кәсіпкерлер тарапынан тұрақты төлемдер жасалғанына қарамастан, сақтандыру өтемақыларын төлеуден бас тартып отыр. Мәжіліс отырысында депутат Ерік Өмірғали елдегі бүлік кезінде зардап шеккен бизнес иелерінің мәселесін көтерді. Үкімет басшысына сауал жолдаған депутат сауда орталықтары мен өзге де нысандардың қожайындары жұмысты қайта қалпына келтіруге тырысып жатқанын айтады. Алайда ғимараттардың инфрақұрылымына зақым келгендіктен, кәсіпкерлердің шамасы жетпей отыр.

Сондықтан банктер мен микронесиелік ұйымдар заңды және жеке тұлғалар үшін қарыздары бойынша өсімді 90 күнге тоқтата тұруды енгізуіміз керек дейді. Бұл өз кезегінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге және табысты қалпына келтіруге мүмкіндік береді.   

Ерік Өмірғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

Көбі үшін бұл шығындар банкроттыққа алып келеді. Тіпті ол қарызды өмір бойы төлеуі мүмкін. Сондықтан оларға бизнестерін ары қарай жүргізу мен қалай да сақтап қалу бойынша нақты шаралар қажет. Бас прокуратура мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін сақтандыру компанияларымен дауларда кәсіпкерлерді жан-жақты қорғауға шақырамын. Өйткені бұл кәсіпкерлер сақтандыру үшін талай жылдар төлем жасап келген.   


Хабарламаларға жазылу