Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарында да төтенше жағдай режимі аяқталып, түнде блокбекеттер түгел алынды. Коменданттық сағат тоқтатылып, аймақта енгізілген шектеулердің күші жойылды. Бұл өңірлерде де қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы жалғасады. Оның аясында тұрғындардың көлігі мен жеке басын куәландыратын құжаттары тексеріледі. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда жалдамалы пәтерлер, хостелдер, саяжай алқаптары, базарлар мен шаруа қожалықтары, шалғайдағы қыстақтарға да тінту жүргізіледі.