Алматыда азық-түлік бағасын шарықтатып жіберген шағын дүкендерді бақылауда ұстау мүмкін емес. Тұрғындар тарапынан арыз-шағым көбейсе де, кәсіпкерлер тауар құнын төмендетпей отыр. Қала бойынша 3500-ге жуық шағын сауда нүктесі бар. Олардың жұмысын қадағалау үшін арнайы механизм әзірленіп жатыр. Шаһар әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстап тұру үшін ірі сауда желілеріне жеңілдетілген займдар қарастырған. Соның арқасында гипермаркет, ірі супермаркеттерде баға тұрақты. Сондай-ақ базарларда ашылған әлеуметтік дүкендерден көкөніс пен етті төмендетілген бағада алуға болады.
Еркебұлан Оразалин, Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы:Жалпы, қаладағы негізгі ірі сауда орталықтарында бүкіл 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар бекітілген. Алдағы 6 айға дейін ол бағалардың өсуіне ешқандай ықпал тимейтін болады. Сондықтан бағалар тұрақты.