Президент: Елде жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Елде жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса береді

20.01.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер парақшасында осылай деп жазды.  

«Қазақстан экономикасы орнықтылығын көрсетті. Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестеріміздің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды» делінген.

Сонымен қатар, «Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу мен инфляцияны тежеу. Біздің күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған», - деді Президент.

Және «Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісімшарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз» деп түйіндеді.


Хабарламаларға жазылу