Лондонда карантиндік шектеулер күшін жояды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда карантиндік шектеулер күшін жояды

20.01.2022

Ұлыбританияда қоғамдық орындарда маска тағу, ковид төлқұжатын көрсету және үйден жұмыс істеу сияқты карантиндік шектеулер келесі аптадан бастап күшін жояды. Халықтың басым көпшілігі екпенің үшінші дозасын алған. Елде ковидті жұқтыру жағдайлары азайған соң билік осындай қадамға барып отыр.  

Бір ай бұрын күніне 200 000-дай адам індет жұқтырған болса, қазір олардың саны екі есеге кеміді. Ауруханаға түскендер мен қайтыс болғандар саны да азайған. Үкіметтегілер көктемде бұрынғы еркін өмірге қайта оралатындай жоспар ұсынбақ. «Бірақ ковидтың жаңа штамдарына дайын болу керек. Вакциналау, вирусқа қарсы препараттар және тестілеу ғана індеттің таралуын тоқтата алады», - дейді биліктегілер. 

Борис Джонсон, Ұлыбритания Премьер-министрі:  

Кей жерлерде ковид кең таралуы мүмкін болғанымен, ғалымдардың айтуынша, «омикрон» штамының толқыны саябырсыды. Дегенмен, қыстың соңғы айларында аса сақтық танытқанымыз дұрыс, өйткені Англия ауруханаларының өзінде 16 000-нан астам адам емделіп жатыр.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу