Алматы маңынан лаңкестер жерленген жасырын зират табылды. Бұл ақпаратты ресми органдар растады. Олардың сөзінше, содырлар бүлікке қатысқандарды анықтау жұмыстарын қиындату үшін жасырын жерлеу жұмыстарын жүргізген.
Еске салайық, бұған дейін Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов бүлік кезінде мәйітханаға бірнеше рет шабуыл жасалғанын айтқан. 41 адамның мүрдесін белгісіз біреулердің ұрлап кеткені де хабарланған еді.
Нұрсұлтан Тілектесов