Қостанай облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған екі адам ұсталды. Олардың бірі 5 гр гашишті дәретхана қағазына орап жасырған. Екіншісі осындай көлемдегі марихуананы жол сөмкесінің қалтасына салып өтуге әрекеттенген. Екеуі де ел азаматтары.
Сонымен қатар «Мағнай» шекара бөлімінің сарбаздары мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған тағы бір азаматты қолға түсірді. Күдіктілердің бәрі құқық қорғау органдарына тапсырылды.
Дәуренбек Әбдібек