Жамбыл облысында жерге көмілген қару-жарақ табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жерге көмілген қару-жарақ табылды

21.01.2022

Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде Жамбыл ауданы, Қостөбе ауылы маңын тінту кезінде жерге көмілген қару-жарақ анықтады. 

Белгісіз адамдар 8 дана автомат, жарылғыш граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, «Krall» маркалы мылтықты және пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалған. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.


Хабарламаларға жазылу