Президент жаңа экономикалық саясаттың негізгі қағидаларын айтты. Бұл дегеніміз - адал бәсекелестік, бизнестің салықтық адалдығы, қабылданған шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік саясаттың болжамдығы және кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі. Мемлекет басшысы бизнес өкілдерін Жаңа Қазақстанның негізі болуға тиісті жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру үшін адал болуға және бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Сонымен қатар, Қасым-Жомар Тоқаев Үкімет қасынан отандық кәсіпкерлердің кеңесін құруды тапсырды.