Жамбыл облысындағы «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратын өртеуге қатысы бар күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратын өртеуге қатысы бар күдікті ұсталды

21.01.2022

Жамбыл облысындағы бүлікке қатысы бар деген күдікке ілінген осы өңірдің 35 жастағы тұрғыны Нұр-Сұлтанда құрықталды. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ол 9 қаңтар күні елордаға келіп, қылмыстық қудалаудан жасырынбақ болған. Жамбыл облысының Шу аудандық полиция бөлімі 14 қаңтар күні күдіктіге іздеу жариялады. Оның аудан орталығы Төле би ауылында «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратын өртеуге қатысы бар болуы ықтимал. 


Хабарламаларға жазылу