Алматы облысы әкімдігін тонағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы әкімдігін тонағандар ұсталды

21.01.2022

Талдықорғандық полицейлер Алматы облысы әкімдігін тонағандарды ұстады. 24 және 28 жасар қала тұрғындары ғимаратты қиратып-өртеп жатқан кезде кеңсе техникасын, тұрмыстық заттарды қолды қылған. Күдіктілер тіпті қалам-қарындаш сынды ұсақ кеңсе тауарлары мен бума-бума әжетхана қағазын әкеткенін мойындады. Қазір олардың кінәсі айғақ заттармен дәлелденіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ Алматы облысындағы шұғыл операциялар барысында 133 адам ұсталып, 188 қылмыстық іс қозғалды. 300-ге жуық адам әкімшілік жауапқа тартылды. Қолды болған 181 қару қайтарылды. Оның 110 данасы «Макаров» тапаншасы. Қару-жарақты өздері әкеліп өткізіп жатқандар да бар.


Хабарламаларға жазылу