«Ұлттық алдын алу тетігі мен Қоғамдық бақылау комиссияларының өкілдері барлық мекемеге кедергісіз кіре алады. Адвокаттар қорғауындағы азаматтармен еркін кездеседі, ал сәлемдемелер әдеттегідей қабылдануда. Қазір барлық өңір коронавирустық инфекциямен сырқаттану деңгейі бойынша «қызыл аймақта» болғандықтан, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. Бір апта ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері 12 өңірде тергеумен қамалғандардың ұстау жағдайларын тексерді», - деді Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлімдемесінде.
Сондай-ақ прокуратура органдары заңдылықтың қамтамасыз етілуін үздіксіз қадағалайтынын атап өтті.